Австралияда ұшақ апатынан 4 адам мерт болды

Австралияда ұшақ апатынан 4 адам мерт болды

Австралияның шығыс жағалауындағы Мортон шығанағында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Хабар 24.

Оқиғадан бортта болған барлық  4 адам қаза болды. Олардың арасында екі бала бар. Әуе көлігін 69 жастағы ұшқыш тізгіндеген. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Тергеу ісі басталды. Мамандардың нақты шешімі 6 аптадан кейін белгілі болады.