Германияда індеттің бесінші толқыны басталуы мүмкін

Германияда індеттің бесінші толқыны басталуы мүмкін

Германия денсаулық сақтау министрлігі елде індеттің бесінші толқыны басталуы мүмкін деп алаңдаулы.

Аймақта омикронның күш алуына байланысты билік тиісті шараларды қолға ала бастады.

Мамандардың айтуынша, әзірге Германияда британдық штамды жұқтырғандардың саны басым. Дегенмен, омикрон да ырыққа көнбей барады. Мәселен, соңғы 3 күнде Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінде омикрон жұқтырғандар саны 600-ге дейін жеткен. Дәрігерлер тұрғындарды жиі тест тапсырып, вакцина қабылдауға шақырады. Ал Үкімет екпенің қосымша 80 млн дозасына тапсырыс берген. Қазір Германия тұрғындарының 70 проценті толық екпе салдырған.