Грекияда мигранттардың қайығы аударылып, 16 адам адам опат болды

Грекияда мигранттардың қайығы аударылып, 16 адам адам опат болды

Грекияның Парос аралы маңында мигранттар мінген қайық аударылып, 16 адам опат болды.

Апат орнында грек жағалау күзеті 60 келімсекті құтқарып қалды. Бұл кейінгі күндері болған 4-ші қайғылы оқиға. Жалпы 34 босқын көз жұмған. Жергілікті билік бұған контрабандамен айналысатындар кінәлі деп отыр. Ұйымдасқан қылмыстық топтар грек аралдарында бақылау күшейтілгендіктен мигранттарды Түркиядан Италияға қарай аттандыра бастаған.