Ғарышқа ең қуатты телескоп жеткізілді

Ғарышқа ең қуатты телескоп жеткізілді

«Ариан-5» зымыран тасығышы орбитаға әлемдегі ең қуатты телескопты жеткізді, деп хабарлайды Хабар 24.

Ғарыш кемесі Француз Гвианасындағы Куру ғарыш айлағынан аттанды. «Джеймс Уэбб» деп  аталатын телескоп Жермен байланысатын антеннасын жазып, күн батареяларын іске қосқан. Енді жер шарынан 1 жарым миллион шақырым қашықта орналасқан Лагранж нүктесіне бет алады. Телескоптың діттеген жеріне жетуіне 29 күн бар.

Айта кетейік, құны 10 миллиард долларлық Джеймс Уэбб телескопын НАСА мен Еуропа ғарыш агенттігі бірлесіп жасаған. Ол 1990 жылы орбитаға шығарылған Хаббл телескопын ауыстырады. Аппарат 5-10 жылдай қызмет атқарады.