Қытайға коронавирус қайта айналып келді

Қытайға коронавирус қайта айналып келді

Қытайда бір күнде 164 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл тамыз айынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Науқастардың тең жартысы дертті шетелде жұқтырған. Көбінің ыстығы көтеріліп, жөтел байқалған. Қазір ауруханалардағы науқас саны 2 процентке артты. Бұған дейін Сиань қаласында коронавирустың дельта штамы таралып, 13 миллион тұрғыны бар шаһар карантинге жабылған еді. Мұнда жүріс-тұрыс шектеліп, тұрғындарға үйден шықпау ескертілген.