Үндістанда 15 пен 18 жас аралығындағы балаларды вакциналау басталады

Үндістанда 15 пен 18 жас аралығындағы балаларды вакциналау басталады

Үндістанда қаңтар айынан 15 пен 18 жас аралығындағы балаларды вакциналау басталады. Бұл туралы осы елдің Премьер-миниср Нарендра Моди мәлімдеді.

Осымен бірге омикрон штамының таралуына байланысты қаңтардың 10-ынан бастап медицина, полиция және төтенше қызмет өкілдері мен жасы 60-тан асқан қарт адамдарға бустерлі екпе салдыруға рұқсат етілмек. Айта кетейік, Үндістанда қазірге дейін коронавирусқа қарсы халықтың 61 проценті толық егіліп, 90 проценті вакцинаның бір дозасын алып үлгірген.

Нарендра Моди, Үндістан премьер-министрі:

- Біз қаңтар айының 3-інен бастап 15 пен 18 жас аралығындағы балаларды вакциналауды бастаймыз. Коронавируспен күрестің жалғыз жолы осы. Бұл арқылы балаларды да, олардың ата-аналарын да дерттен қорғай аламыз.