Қытай мен Вьетнам шекарасында 6 мыңнан астам жүк көлігі тұр

Қытай мен Вьетнам шекарасында 6 мыңнан астам жүк көлігі тұр
inform.kz

Қытай шекарасына кіреберісте, яғни Вьетнамның солтүстік өңірлеріндегі өткізу пунктерінде 6 мыңнан астам жүк көлігі қаңтарылып тұр. Мұндай мәліметті Viet Nam News елдің кеден қызметіне сілтеме жасап таратты.

Басылымның жазуынша, бүгінгі күні Вьетнам-Қытай шекарасындағы өткізу пунктерінде кезекте тұрған жүк көліктерінің саны 6200-ге жуықтады. Шекарадан өткізудегі шектеулер биылғы жылдың соңында Қытайдың коронавирустың алдын алу және бақылау бойынша енгізген іс-шараларымен байланыстырылып отыр. Nikkei мәліметінше, Қытай тарапы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен, соның ішінде Вьетнаммен трансшекаралық сауда ағынына шектеу енгізген. Шектеулер таяу айларда Қытайда өтуі жоспарланған ірі шаралар – ай күнтізбесі бойынша жаңа жыл және Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары алдында коронавирустың таралуына тосқауыл қоюға бағытталған.