Германияда тасқыннан жапа шеккендерге шағын үйлер тұрғызылды

Германияда тасқыннан жапа шеккендерге шағын үйлер тұрғызылды

Жазда алапат су тасқыны кезінде баспанасынан айырылған Германия тұрғындары Рождествоны жаңа шағын үйлерде қарсы алды.

Графшафт тұрғындарына арнап 25 үй тұрғызылған. Олардың аумағы 35 шаршы метр ғана. Тұрғындар жаңа қоныста келесі жылдың аяғына дейін тұра алады. Биыл шілде айында Германияның батысында толассыз жаңбыр жауып, су тасып, 200-ге жуық адам опат болған еді. Жүздеген адам баспанасынан айырылған.  

Томас Хергартен, тұрғын:

– Үйлер толық жабдықталған. Ас бөлмеде шәйнектен бастап жатын орындағы көрпе жастыққа дейін бәрі бар. Сізге ешнәрсе сатып алудың қажеті жоқ. Бірден қоныстана берсеңіз болады.