Шанхайда мумиялар көрмесі ашылды

chinaplus.cri.cn

Келушілер назарына жүзден астам экспонат ұсынылған, деп хабарлайды Хабар 24.

Ең құндысы - 20 жасында қайтыс болған әйелдің мумиясы. Өйткені оның саркофагы асыл тастармен безендірілген. Әрі үстінде көне жазбалар жазылған. Ұйымдастырушылар мұндай көрме келушілердің Ежелгі Мысыр тарихына деген қызығушылығын тудырып, мәдени байланысты кеңейтуге көмектеседі деп үміттенеді. Айта кетейік, шара Манчестер музейі жәдігерлерінің халықаралық жылжымалы көрмесі аясында ұйымдастырылды. Ол сәуірдің 20-сына дейін жалғасады.