Аргентинада өртті сөндірмек болған тікұшақ апатқа ұшырады

Аргентинада өртті сөндірмек болған тікұшақ апатқа ұшырады

Әуе кемесінде болған екі адам ажал құшты, деп хабарлайды Хабар 24.

Аймақта осы айдың басында басталған жалын дес бермей тұр. Тілсіз жауды ауыздықтауға 200-ден астам өрт сөндіруші мен авиация тартылған. Мамандардың жұмысына сағатына 80 шақырым жылдамдықпен соққан күшті жел кедергі келтіруде. Осы сәтке дейін өрт 4 мыңнан астам гектар жерді жалмаған.

Даниел Баеза, жергілікті тұрғын:

- Сұмдық өрт болып жатыр. Қайдан келіп жатқанын мүлде білмейміз. 4 шақырым жерде бізге қарай тағы басқа от жақындап келе жатқанын естідік. Күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылдық.