Үндістанда 12 адам мерт болды
Үндістанның Джамму және Кашмир штатында 12 адам аяқ асты тапталып, мерт болды, деп хабарлайды Хабар 24.
Қайғылы оқиға, индуизм ғибадатханасында болған. Құрбан болғандардың барлығы – қасиетті орынға тәу етуге келгендер. Олар бұл жерде Жаңа жылды қарсы алған. Тағы жарақат алған 12 тұрғын ауруханаға жеткізілді. Куәгерлер зардап шеккендер арасында балалар мен қариялар да бар дейді. Премьер-министр Нарендра Моди көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтты.
– Полицияның жауапкершілігі өте төмен болды. Олар үңгірге баратын жолдардың бойына топтардың арасын бөліп тұратын қоршаулар орнатпаған. Сақшылар тәртіпті қадағалаудың орнына, адамдарды қатты итеріп, таяқтарымен қорқытып, елді шошытты.