Австралия жаңа жыл антирекордпен басталды

1 қаңтардағы есеп бойынша елде 33 мың 161 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Хабар 24.

Билік инфекцияның жылдам таралуына, жаңа жылдық мерекелер кезіндегі барыс-келістің көбеюі басты себеп дейді. Індет әсіресе шығыс аймақтарда өршіп тұр. Сондықтан батыстағы Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында, медицина қызметкерлерін оқшаулау ережелері жеңілдетілген. Ал Квинсленд өңірінде бетперде кию міндеттелді.

Стивен Майлз, Квинсленд штаты премьерінің орынбасары:

– Ертеңнен бастап барлық жұмыс орындарында, шарапханалар мен дәмханаларда, жабық стадиондар мен спорт алаңдарында, кітапханаларда, шаштараздар мен сән салондарында бетперде кию міндетті шараға айналады. Сондай-ақ тұрғындарды тез арада бустерлі доза салдыруға шақырамыз.