Австрия эвтаназияны заңдастырды

Австрия эвтаназияны заңдастырды

Австрияда айықпас ауруға шалдыққан және ұзақ уақыт ауыр дерттен азаптанып жүрген азаматтарға эвтаназияны қолдануға мүмкіндік беру туралы заң күшіне енді, деп хабарлайды Хабар 24.

Өз өмірін қию құқығына ие болу үшін науқас арнайы өтініш жазу керек. Бірақ түпкілікті шешім қабылдамас бұрын оның өтінішін тәуелсіз 2 дәрігер сараптамадан өткізеді. Сондай-ақ диагнозды растап, адам бұл қадамға өз бетімен барғанын дәлелдеуі қажет. Аталған заң кәмелетке толмаған балалар мен психикалық ауытқуы бар адамдарға жүрмейді.