Оңтүстік Корея тұрғыны Солтүстік Кореяға қашып кетті

Оның Канвондо провинциясындағы қозғалысын арнайы құрылғы бақылап, тіркеп отырған, деп хабарлайды Хабар 24.

Оңтүстік Корея әскері қашқынды ұстау үшін арнайы операция да жүргізген, бірақ ол екі елдің арасындағы демаркациялық сызықтан өтіп үлгерген. Ресми Сеул солтүстіктегі көршісіне болған оқиға туралы хабарлама жіберген. Бірақ олар әзірге жауап берген жоқ.