АҚШ-та жауған қар орман өртін басып тастады

АҚШ-тың Колорадо штатында жауған қар орман өртін сөндірді.

Бұл туралы осы елдің Ұлттық ауа райы қызметі хабарлады.

Қардың қалыңдығы 15 сантиметрден асқан. Өрт басылған соң жергілікті тұрғындар үйіне орала бастады. Қазір олар тілсіз жаудан келген шығын көлемін есептеп жатыр. Өрт салдарынан 7 адам жарақат алып, 3-еуі хабарсыз кеткен. Жүздеген үй мен ғимаратқа зақым келген. Мұның алдында Луисвилл мен Супериор қалаларынан 34 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген болатын.