Түркияда вакцина туризмі басталмақ

Түркияда вакцина туризмі басталмақ

Түркияға келген шетел азаматтары медициналық мекемелерде екпе салдыра алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау қызметі басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатқа сәйкес, вакцина тегін салынады. Дегенмен, емханалардың қызметі ақылы. 18 жастан асқан өзге елдің азаматтары Pfizer/BionTech немесе қытайлық Sinovac екпесін таңдай алады.

Хакан Йылмаз, шетел азаматтарына виза алу компаниясы иесі:

– Осындай шешім бар. Денсаулық министрлігімен хабарластым. Олардың айтуынша, шетелдіктерге арналған ортақ жүйе іске қосылғаннан кейін вакцинация алуға мүмкіндік бар. Ол қалай дейсіз ғой. Түркияда кез келген азамат куәлік нөмірімен екпе жүйесінде тіркеледі. Бұл жүйені енді төлқұжат нөміріне де жарамды ету керек. Ал оған біршама уақыт қажет.