Сингапурда вакцинацияланбаған адамдар жұмыстан босатылуы мүмкін

Сингапурда вакцинацияланбаған адамдар жұмыстан босатылуы мүмкін

Сингапурда жұмыс берушілер вакцинацияланбаған адамдарға жалақы төлемеуі немесе оларды жұмыстан босатуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екпе алмаған қызметкерлер, әсіресе, егде жастағы адамдар денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай ауыртпалық әкелуі мүмкін. Елдің адами ресурстар министрлігі осындай мәлімдеме жасады.

Норвегияда ата-аналардың шешімімен 5-11 жастағы балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялауға рұқсат етіледі. Норвегия билігінің екпе жөніндегі ұсыныстары аталған жас тобына берілмейді.

Бірқатар елде коронавирусқа шалдығушылардың күнделікті өсуі бойынша антирекордтар тіркелуде: Аргентинада – 139 853 жағдай, Филиппинде – 39 004, Колумбияда – 34 923 дерек.