Австрияда 18 жасқа толғандар вакцина салдыруға міндеттеледі

Австрияда 18 жасқа толғандар вакцина салдыруға міндеттеледі

18 жасқа толғандар коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға міндетті. Австрия азамат болғандарға осындай міндет жүктеді.

Алғашқыда 14 жас деп белгіленген еді. Бірақ билік райынан қайтып, тек кәмелет жасына жеткендерді ғана, екпе салдыруға мәжбүрлемек. Міндетті вакциналау келесі айда басталады. Ал себепсіз бас тартқандар, айыппұл төлейді. Жалыпы, былтыр Австрияда халықты екпемен қамту көрсеткіштері Батыс Еуропа бойынша ең төменгі деңгейде болған. Сол себепті билік міндетті вакциналау туралы шешім қабылдаған. 

Карл Нехаммер, Австрия канцлері:

– Алғашында екпе алмағандарға ескерту хаты жіберіледі. Осыдан кейін ғана айыппұл салу секілді жаза қолданатын боламыз. Тұрғындардың вакциналау мәртебесін полицейлер тексере алады.

ИСПАНИЯДА ПЦР-ТЕСТ МІНДЕТТІ ЕМЕС

Испания премьер-министрі коронавирусты, тұмау эпидемиясына теңеуді ұсынып отыр. Себебі омикрон тез жұққанымен, ауру көбінде жеңіл өтеді дейді ол. Сондықтан үкімет басшысы тұрғындарды тестілеуден өтпей-ақ қоюға болатынын жария етті. Бірақ елдегі эпид-ахуал мәз емес. Мұнда коронавирустың алтыншы толқыны басталған. Қайта дерт жұқтырып жатқандар көп. Ауруханаларда науқастарды жатқызатын орын тапшы. Сонымен қоса медицина қызметкерлері де жетіспей жатыр.