Австралия ғалымдары өсімдік майымен электромобильді қуаттандыру жолын ойлап тапты

Австралия ғалымдары өсімдік майымен электромобильді қуаттандыру жолын ойлап тапты

Австралияда қолданылған өсімдік майымен электромобильдерді қуаттандыру жолы ойлап табылды.

Таза энергияны алу жолын Джон Эдвард есімді инженер ашқан. Бұл үшін ол қарапайым дизельді генераторды алып, оны маймен жұмыс жасайтындай етіп өзгерткен. Өндірілген энергиямен электромобильді бір сағат ішінде толық қуаттандыруға болады. Бұл үшін 20 литр өсімдік майы жеткілікті екен. Бастама елдің шалғай жерлерінде, электромобильдерді көптеп пайдалануға жол ашады, деп отыр мамандар.

Джон Эдвардс, инженер:

- Маған бұл идея электромобильдермен жарыстарға қатысып жүрген кезде келді. Себебі бізге аккумуляторымызды қуаттандырудың сенімді көзі керек болды. Содан осы биофилді ойлап таптық. Ол шалғайдағы дәмханаларға орнатуға өте ыңғайлы болып шықты.