Қытайда бала туу көрсеткіші төмендеді

Пандемия Қытайға да біраз соққы болды. Елде туу көрсеткіші күрт төмендеген.

Сарапшылардың айтуынша, 1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылғалы бері ең төменгі өсу деректерін көрсетті. Осы аптада жария етілген статистика деректері бойынша 2021 жылы аспанасты елінде 10,6 миллион нәресте өмірге келді. Оған объективті себептер де бар. Олар: экономиканың дамуы және қала тұрғындарының көбеюі. Туу көрсеткіштері бала туу жасындағы әйелдер қатарының азайғанына да байланысты. Бір жыл ішінде олардың саны 5 миллионға қысқарды. Қытайда кеш үйленіп, орта жаста бала табу әдетке айналды. Ал көптеген жастар әлеуметтік мәселелерді желеу етіп, балалы болудан бас тартады. Сонымен қатар індеттің кері әсерін де жоюға болмайды, дейді мамандар.

Нин Цзичжэ, ҚХР Статистика басқармасының басшысы:

- Былтыр үш бала тууға рұқсат берудің нәтижесі көріне бастады. Соңғы он жылда бір отбасында екі сәби саясаты іске асырылғаннан кейін туу көрсеткіштері артты. Екінші балалардың саны 2013 жыл 30% болған, 2021 жылы 43%ке өсті. Сонымен қатар медицинаның жетілдіруімен және қытайлықтардың әл-ауқатының жақсыруымен өмір сүру ұзақтығы өсті.