Бельгия халқы биліктің вакцинаға қатысты шешіміне наразы

Бельгия халқы биліктің вакцинаға қатысты шешіміне наразы

Сондықтан Брюссельде мыңдаған адам көшеге шықты. Жиылған жұрт үкіметтің індетке қарсы шектеулеріне наразылық білдірді. Бейбіт басталған акцияның аяғы бүлікке ұласқан. Полиция шерушілерге көз жасаурататын газ қолданып, су шашты, деп хабарлайды Хабар 24.

Шерушілер биліктің өткен жұма күнгі вакциналауға қатысты қабылдаған шешіміне наразы. Себебі үкімет наурыз айынан бастап алғашқы вакцинаның мерзімі тек 5 айға жарамды деп, ковид-төлқұжатын қолдану үшін бустерлі доза салдыру міндетті болатынын мәлімдеген. Ал Еуроодақта бұл мерзім 9 ай деп белгіленген. Шерушілер үкіметтің бұл әрекеті жастарды қорқытып, вакциналауға мәжбүрлеу дейді.

Керолайн Ван Ландуит, шеруші:

– Мені ашу қысып тұр. Өйткені билік барлық адамды, әсіресе жастарды, короанвиурсқа қарсы вакцинаалу үшін осындай шараға барып отыр. Бұл шынымен де халықты қорқыту, үркіту.

АҚШ астанасында да биліктің вакцинаны міндеттеуі және бетперде кию тәртібіне қарсы наразылық шарасы өтті. Мыңдаған адам Вашингтондағы ұлттық саяжолға жиылған. Акцияға қатысушылар биліктің саясатымен келіспейтінін айтады.

Еске сала кетейік, былтыр күзде президент Байден 3,5 миллион мемлекеттік қызметкердің қарашаның 22-сіне дейін міндетті түрде вакцина салдыруы тиіс екендігі туралы бұйрық шығарған. Олай болмаған жағдайда сөгіс жарияланып, жұмыстан шығарылуы мүмкін. Бірақ кейін кей штаттың соттары әкімшіліктің шешімін жойған.