АҚШ-та омикронның таралуы бәсеңдеді

АҚШ-та омикронның таралуы бәсеңдеді

АҚШ-та коронавирустың омикрон түрін жұқтырушылар қарасы азая түскен.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, қазір індет өршіген штаттарда осындай үдеріс байқалады. Жалпы жаңа штамды жұқтыру 12 процентке төмендеген. Сарапшылар мұны омикронның таралуының шарықтау шегі өтті деп, түсіндіріп отыр. Дегенмен, қауіпсіздік шараларын сақтай беруге кеңес береді.

Вафаа Аль-Садр, Колумбия университетінің профессоры:

- Менің ойымша, жағдайдың жақсара түскеніне қарамастан қоғамдық орындарда бетперде тағып жүру сынды қауіпсіздік шараларын сақтай беруіміз керек. Сонымен бірге науқастармен байланысқа түскеніңізді білсеңіз тексеруден өту қажет.