Нигерия дәрігерлері халықты вакцина қабылдауға шақырады

Нигерия дәрігерлері халықты вакцина қабылдауға шақырады
Егемен Қазақстан

Ковид ушығып тұрған Нигерияда жергілікті билік халықты жаппай екпе салдыруға үгіттеп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Тіпті Абуджа қаласында медицина қызметкерлері көше аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Екпе егу шарасына мобильді көліктер де жұмылдырылған.

Айта кетейік, аймақта омикрон штамының тарауына байланысты науқастардың саны күн өткен сайын артып барады. Салдарынан елдің денсаулық сақтау саласына айтарлықтай ауыртпалық түсіп отыр.