Бразилия ауруханаларында орын тапшы

Бразилия ауруханаларында орын тапшы

Бразилияда коронаиврус індеті күш алды. Рио-де-Жанейродағы ауруханаларда бос орын тапшылығы сезілуде, деп хабарлайды Хабар 24.

Жансақтау бөлімдеріндегі орындар 80 процентке толды. Дәрігерлер індеттің ілмегіне іліккендердің көбі омикрон штамын жұқтырғанын айтады. Өткен тәулікте елде 220 мыңнан астам адам ковидке шалдыққан. Мамандардың байқауынша вакциналау шарасы бір ізге қойылған аймақтарда өлім-жітім көрсеткіші төмек деңгейде.

Рафаэла Рибейро, дәрігер:

– Ауруханаға түскендердің көбі егілмегендер немесе вакцинаның бірінші дозасын ғана қабылдағандар. Індеттің бірінші толқынына қарағанда осы жолы дәрігерлеріміз жақсы дайындалғаны байқалады. Бастапқыда індетпен қалай күресу екенін де білген жоқ едік.