АҚШ-та қолшатырды жалға беру қызметі тұрғындардың көңілінен шықты

АҚШ-та қолшатырды жалға беру қызметі тұрғындардың көңілінен шықты

Нью-Йорк тұрғындарының көңілінен шыққан бразилиялық стартап Еуропаны жаулауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Компания жаңбырдан қорғану үшін қолшатырды жалға берумен айналысады. Ол үшін ұялы телфоныңызға осындай қызмет көрсететін автоматты дүңгіршектерді көрсететін арнайы қосымша орнатсаңыз жеткілікті. Алғашқы 24 сағат қолшатырды пайдалану тегін. Ал келесі күннен жалға алу құны 2 доллар. Стартап алғаш рет 2018 жылы Сан-Паулу қаласында жүзеге асырылған. Алдағы 2 жылда Еуропаның 10 қаласында кәсібін дамытуды жоспарлап отыр.

Ари Кривописк, Rentbrella компаниясының өкілі:

– Біздің қолшатырларымыз қолданылған пластик шөлмектерді қайта өңдеуден кейінгі материалдан жасалған. Біз бұл арқылы мұхиттар мен теңіздерді пластик қоқыстардан тазартуға атсалысып жатқанымызды мақтан етеміз.