100 жылда алғаш рет Минни Маусқа шалбарлы костюм кигізді

100 жылда алғаш рет Минни Маусқа шалбарлы костюм кигізді
ria.ru

Ағылшын дизайнері Стелла Маккартни Микки Маустың cыңары Минниге шалбарлы костюм кигізді, деп хабарлайды «Хабар 24» ria.ru сілтеме жасап.

Яғни Минни Маус Париж Диснейлендінің 30 жылдығына орай өзінің имиджін жаңартты. Тақырыптық ойын-сауық паркі мерейтойын осы жылдың сәуір айында атап өтеді.

1928 жылдан бері аса танымалдыққа ие болған тышқан өзінің ғасырға жуық тарихында алғаш рет классикалық қызыл және ақ нүктелі көйлегін смокинг пен көкшіл шалбарға ауыстырды.

Маккартнидің өзі Дисней кейіпкеріне арналған киім үлгісін жасағанына қуанышты екенін жеткізді.

«Минни менің жүрегімде ерекше орын алады. Біз онымен бір құндылықтарды бөлісеміз. Мен оның бақыттың, сенімділіктің, шынайылықтың бейнесі болғаны үшін жақсы көремін, сонымен қатар ол әлемдегі барлық жастағы адамдарды шабыттандырады. Және оның керемет стилі бар!», – деді дизайнер.

Біз бұған дейін Disney мультфильмдерінің кейіпкерлері неге ақ қолғап киеді деген сұраққа жауап іздеген болатынбыз.