Польша Беларусьпен екі ортаға темір қоршау тұрғызып жатыр

Польша Беларусьпен екі ортаға темір қоршау тұрғызып жатыр

Польша Беларусьпен арадағы шекараға темір қоршау орнатып жатыр. Бұған 394 миллион доллар бөлген.

Өйткені сырттан келетін мигранттарға тосқауыл қою керек. Жоба бойынша Беларусьпен араға 180 шақырымдық, ал биіктігі 5 жарым метр болатын қорған тұрғызылмақ. Бірақ табиғат қорғаушылар бұл мигранттарды тоқтатпайды, тек орманға зиян келтіреді дейді.

Айта кетейік, былтыр жаз айында Беларусьтен Польша арқылы Еуропаға мыңдаған мигрант өтпек болып, дүрбелең туғызған. Ресми Брюссель бұл жөнінде Минск босқындарды Еуроодақ елдеріндегі жағдайды тұрақсыздандыру үшін әдейі бағыттап жатыр деп айыптаған еді.

Анна Михальска, Польша шекара қызметінің баспасөз хатшысы:

- Темір қорғанды шілде айына дейін салып бітіруді жоспарлап отырмыз. Бірақ электронды бақылау жүйесі толықтай тек қыркүйек айында іске қосылады.

Наталья Геберт, белсенді:

- Қорған тек мүгедек, әлсіз және науқас келімсектерді ғана тоқтата алады. Ашынған босқындарға кедергі бола алмас. Мұндай қоршаулар осал әрі тиімсіз. Газа, Мексика, Мысырдағы жағдайды байқасаңыз осындай қоршаудың астынан жасырын жерасты жолдарын жасап алған.