Қырғыз-тәжік шекарасындағы ахуал шиеленісуі мүмкін – сарапшы пікірі

Қырғыз-тәжік шекарасындағы ахуал шиеленісуі мүмкін – сарапшы пікірі

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығысқа баға берудегі қиындық сол жерде болып жатқан жағдайды дәл белгілеп отыратын сыртқы бақылаушылардың жоқтығымен байланысты, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы Орталық Азия бойынша, сарапшы Аркадий Дубнов «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, кеше екі ел шекарасында болған қақтығыс жағдайды одан сайын қиындата түсуі мүмкін. Тіпті Ауғанстан содырларының келуіне әсер етуі ықтимал.

Аркадий Дубнов, саясаттанушы, Орталық Азия бойынша сарапшы:

– Кешегі жайттар болашақта шекарадағы шиеленіске әкелуі мүмкін екенін бізге ұқтырды. Атап айтқанда, Орталық Азиядағы ахуалды тұрақсыздандыру үшін содырылар Ауғанстан арқылы алдымен тәжік жеріне кейіннен қырғыз шекарасын өтуі мүмкін екенін аңғартты. Жалпылай алғанда бұл оқиға осы елде жасырынып жүрген содырларды өз бақылауында ұстап жүрген тәжікстандық ықпал етуші топтар мен күштік құрылымдардың өз күшін көрсеткісі келгенін байқатты. Мұндай шиеленістер қайта өршуі де ықтимал. Өкінішке қарай, ол кезде жағдай тіпті мүшкіл болуы мүмкін. Бұл іске қалай болғанда да көбіне Ауғанстанның солтүстік провинцияларында шоғырланған Орталық Азия аймағынан шыққан содырлар қатысуы мүмкін.