Малавиде тропикалық дауылдан қаза тапқандар саны артты

Малавиде тропикалық дауылдан қаза тапқандар саны артты

Малавиде "Ана" тропикалық дауылынан опат болғандар саны артып, 19-ға жетті.

1 мыңнан аса тұрғын жарақат алған. Толассыз жауған жаңбыр мен су тасқынынан көп аудандарды су басып жатыр. Табиғат апатынан 200 мыңға жуық адам жапа шегіп, ондаған мың тұрғын баспанасын тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болған. Оқшауланып қалған мекендерге азық-түлік пен ауыз су жеткізу қиынға соғып отыр. Ал ауа райын болжаушылар алдағы ақпан айының бас кезінде тағы бір дауыл соғуы мүмкін деп ескертіп жатыр. 

Али Фири, Чикуава округінің комиссары:

- Округімізде мұндай су тасқыны бұрын-соңды болмаған. Әдетте жауыннан елімізде белгілі аудандарда ғана су тасушы еді. Бұл жолы округіміздің көп бөлігін су басып, халық қатты зардап шегіп жатыр.