Сарышұнақ аязда далада қалған 60 күшік құтқарылды

Түркияның шығысында сарышұнақ аязда далада қалған 60-тан астам күшік құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларды жергілікті тұрғындар байқап қалған. Кейін құтқарушыларды шақырып, ажалдан аман алып қалды. Ондаған күшікті кім және неліктен далаға тастағаны белгісіз. Олардың барлығы мал дәрігерлік клиникаға жеткізілді. Көбіне салқын тигендіктен әлсіреп қалған екен.  Десе де мамандар,,, енді өмірлеріне еш қауіп төнбейтінін айтады.