Таиландта су астындағы құбырдан мұнай төгілді

Таиландта су астындағы құбырдан мұнай төгілді

Таиландтың шығыс жағалауы апатты деп танылды. Бұған су астындағы құбырдан мұнайдың төгілуі себеп, деп хабарлайды Хабар 24.

Апаттан Районг провинциясындағы Мая Рампуэн жағажайы жарамсыз күйге айналды. Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, шамамен 50 мың тонна қара алтын құйылған. Мамандар 47 шаршы шақырым аймақ бүлінгенін айтады. Апатты деп танылған өңірді тазарту үшін әскери теңіз күшінің 400-ге жуық сарбазы  жұмылдырылды. Одан бөлек 15 кеме мен бірнеше ұшақ тартылған. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды.