Аргентинада шектеу салдарынан жүк көліктер шекарадан өте алмай тұр

Аргентинада шектеу салдарынан жүк көліктер шекарадан өте алмай тұр

Чили мен Аргентина шекарасында жүздеген жүк көлігі ұзын-сонар кезекте тұр, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл жағдайға санитарлық талаптар себеп болған. Салдарынан Аргентинадан шыққан жүргізушілер Чилиге кіре алмай әлек. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Кристо-Редентор бекетінде жиналғандар бір аптадан бері далада түнеп жүр. Жүргізушілер ас-су мен жанармайдың азайғанын айтып шағымдануда. Наразылар мәселені шешу үшін Аргентина билігінің араласуын сұрайды.

Сезар, жүргізуші:

– Жағдайымыз өте қиын. Жергілікті билік бұл мәселені шұғыл шешу керек. Дизельдік отынның бітуіне аз қалды. Жақын арада тоңазытқыштарымыз да істемейтін болады. Көліктің қозғалтқышы күні-түні өшпей жұмыс істеп тұр. Кейбіреулердің қозғалтқышы істен шыққан.

Ал Канаданың Оттава қаласында да жүк көліктерінің жүргізушілері наразы. Ұлттық парламент ғимаратының алдына жиналғандар карантиндік шектеу шараларына қарсы шықты. Наразылар биліктен міндетті вакциналау мен санитарлық талаптардың күшін жоюды талап етті.