Филиппин жағалауында 5,2 балдық жер сілкінісі болды

Филиппин жағалауында 5,2 балдық жер сілкінісі болды
Massaget

Сейсмологтар Филиппин жағалауында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісін тіркеді.

Бұл туралы АҚШ-тың геологиялық бақылау қызметі хабарлады. Жерасты дүмпулерінің ошағы Санта-Крус қаласынан шығысқа қарай 175 шақырым жерде орналасқан.

Қайнар көзі 10 км тереңдікте жатыр.