Қарлы бораннан АҚШ-та мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды

АҚШ-тың шығыс жағалауында ақтүтек боран жергілікті тұрғындарды әбігерге салды.

Табиғаттың тосын мінезінен өңірдегі 5 бірдей штатта төтенше жағдай жарияланды. Нью-Йоркте түскен қардың қалыңдығы 30 см-ге дейін жетеді. Әсіресе, жағажайға жақын орналасқан  елді-мекендердегі жағдай қиын. Апатты деп танылған аймақтарда әуекомпаниялар 5 мыңға жуық рейсті кейінге шегерді.