Германиялықтар екпе салдыруды міндеттеуге қарсы шеруге шықты

Германияда азаматтар вакцина салдыруды міндетті етуге қарсы.

Берлин, Кельн, Росток және Байрот қалаларында мыңдаған адам наразылық шеруіне шықты. Акцияға қатысушылар биліктен шектеулерді алып тастауды талап етті. Ресми дерекке сүйенсек, Германия халқының 74 проценті толық егілген. Бірақ 80 миллион тұрғынның 20 миллионы әлі вакцина слдырмаған. Омикрон-штамының жылдам таралуына байланысты саясаткерлер екпе егуді міндеттеу туралы ұсыныс жасап отыр. Өткен аптада Бундестагта осы мәселеге қатысты алғашқы пікірсайыстар өтті.

Кристиан Берлин тұрғыны:

– Коронавирусқа қарсы вакцина салдыру өте маңызды. Өзім дертке бір рет шалдығып, содан кейін толық егілдім. Сондықтан мұндай шерулерді қолдамаймын. Германияда шешек ауруына қарсы адамдарды міндетті түрде егу сонау Бисмарк кезінде енгізілгенін білеміз. Осының арқасында қауіпті дертті жеңген едік. Менің ойымша, қазір дәл осындай жағдай орнаған. Сондықтан екпені міндеттеуді қолдаймын.