Франц Марктің «түлкілері» рекордтық сомаға сатылуы мүмкін

Франц Марктің «түлкілері» рекордтық сомаға сатылуы мүмкін

«Christie's» аукцион үйі немістің экспрессионист қылқалам шебері Франц Марктің «Түлкілер» атты картинасын 35 миллион фунтқа сатуды жоспарлап отыр. Бұл шамамен 20 миллион 438 мың теңге.

Авторға 1916 жылы Верден майданында француз снарядының жарықшағы тиіп, 36 жасында опат болған. Суретші 20-ғасырдағы модернизмнің жарық жұлдызы ретінде дәріптеледі.

Юсси Пюлькянен, Christie's ғаламдық президенті:

– Бұл жауһар Германиядағы музейде 1962 жылдан бері көрсетіліп келеді. Енді коллекционерлер тағатсыздана күтіп жүрген сәт туғалы тұр. Бұл өнер әлемі үшін теңдессіз мезет болмақ. Себебі Франц Марктің картиналары – бірегей әрі сирек туындылар. Ол 1913 жылы барлығы 45 сурет салған, оның 4-уі қазір жеке қолда.