Ұлыбритания билігі дәрігерлерді міндетті түрде вакциналаудан бас тартпақ

Ұлыбритания билігі дәрігерлерді міндетті түрде вакциналаудан бас тартпақ

Ұлыбритания билігі болса, медицина қызметкерлерін міндетті түрде вакциналаудан бас тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігі Саджид Джавид мәлімдеді.

Қазір елде екпе егуді міндеттеуді жалғастыратын болса, ақ халатты жандар жұмыстан кетуі ғажап емес. Жергілікті Үкімет осыған алаңдаулы. Соңғы ақпараттарға сенсек, Ұлыбританияда медицина қызметкерлерінің 80 мыңы, яғни 10 проценті коронавирусқа қарсы егілмеген.

Саджид Джавид, Ұлыбритания денсаулық сақтау министрі:

– Вакцина біздің коронавирусқа қарсы ең тиімді қорғанышымыз болғанына қарамастан оны міндеттеу дұрыс емес деп ойлаймын. Сондықтан медициналық мекеме мамандарының міндетті екпе салдыру мәселесін қайта қарастыруымыз қажет.

АВСТРИЯДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЕКПЕНІ МІНДЕТТЕУГЕ ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСЫ ӘРТҮРЛІ

Ал Австрияда жақын күндері елде ковид-19-ға қарсы вакцинаны міндетті түрде салдыру туралы заң күшіне енеді. Оған сәйкес жасы 18-ге толған азаматтардың бәрі наурыздың ортасына дейін егілуі тиіс. Осыдан кейін полиция адамдарды тексере бастайды. Вакцина салдырмаған тұрғындарға 600 еуродан 3 мың 600 еуроға дейін айыппұл салынады. Тіпті, олар қылмыстық жазаға да тартылуы мүмкін.