АҚШ-та оқушы оққа ұшты

АҚШ-та оқушы оққа ұшты

АҚШ-тың Миннеаполис қаласындағы мектеп маңында оқ атылып, 1 оқушыға оқ тиіп, мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бала ауруханаған жеткізілгенмен көп ұзамай қайтыс болған. Тағы 1 бала жарақат алды. Полиция күдіктінің ізін суытып үлгергенін айтады. Қазір оны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, мектепте 200-ге жуық бала оқиды екен. Олар түгел эвакуацияланып, үйлеріне жеткізілген. Ал қаскөйдің кім екені және оның неге мұндай қатыгездікке барғаны әзірге белгісіз.