Жапонияда эпидахуал күрделеніп барады

Жапонияда эпидахуал күрделеніп барады

Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, ел аумағында омикрон штамын жұқтырып, ауруханаға түскен қарттар саны айтарлықтай артқан.

Олардың тең жартасынан астамы пневмонияға шалдығып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Елде күн сайын 70 мыңнан астам азаматтан коронавирус анықталады. Олардың дені Токио тұрғындары. Сондықтан ел астанасындағы вакциналау орталықтары қайтадан қауырт жұмысқа көшкен. 

Хитоши Ивасэ, Токиодағы денсаулық сақтау орталығының өкілі:

- Қазір басты назар қарттарда. Өйткені Омикрон егде жастағы кісілер үшін өте қауіпті. Осыны ескере отырып, барынша жылдам әрекет етуге тырысып жатырмыз.