Испанияда 37 мигрант құтқарылды

Испанияда 37 мигрант құтқарылды

Испанияның жағалау күзеті Солтүстік Африкадан шыққан 37 мигрантты өлім аузынан аман алып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Босқындар отырған кеме Атлант мұхитында Гран-Канария аралынан 24 шақырым жерде апатқа ұшыраған. Қазір олар Аргинегин портына жеткізілді. Барлығы дәрігерлердің жіті тексеруінен өтті. Бір адам тікұшақпен эвакуацияланды.

Айта кетейік, Канар аралдарына өткен жылы 22 мыңнан астам мигрант келген. Мигранттардың көбі Африка елдерінен шыққандар. Әдетте мигранттар отырған кеме орта жолда апатқа ұшырап жатады.