Гвинея-Бисауда қарулы адамдар мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды

Гвинея-Бисауда қарулы адамдар мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды

Президент министрлер кабинетінің шұғыл отырысын өткізіп жатқанда белгісіз қарулы адамдар үкімет үйіне шабуыл жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ әскерилер қарулы топқа тойтарыс берген. Қақтығыс 5 сағатқа созылған. Шабуылды кімдер ұйымдастырғаны және қанша адамның қаза тапқаны белгісіз. Президент Умаро Сиссоко Эмбало өзінің аман-есен екенін хабарлады. Оның айтуынша, шабуылға есірткіні заңсыз тасымалдаумен айналысатын қылмыстық топтардың қатысы болуы мүмкін.