АҚШ-тағы тыңайтқыш өндіретін зауытта өрт шықты

АҚШ-тағы тыңайтқыш өндіретін зауытта өрт шықты

Өрт Солтүстік Каролина штатындағы тыңайтқыш өндіретін зауытында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апаттан жергілікті билік жақын маңда тұратын 6,5 мыңға жуық адамды қауіпсіз жерге эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Абырой болғанда өрт басталғанда өндіріс орнында қызметкерлер болмаған. Жарылыс қаупі болғандықтан өрт сөндіру жұмыстары уақытша тоқтатылды. Мамандар тұрғындарды 48 сағат бойы сыртқа шықпауға шақырады. Ал тыныс алуы қиындаған жағдайда шұғыл дәрігерлердің көмегіне жүгінген жөн дейді. Өйткені зауытта жарылу қаупі жоғары  600 тонна амиакты селитра мен 5 мың тоннан тыңайтқыш сақталған. Сондықтан зауыттан 1,5 шақырымнан алшақ болуға кеңес берілді.