Tesla 54 мың электркарын кері қайтаратын болды

Tesla 54 мың электркарын кері қайтаратын болды

Компаниясы АҚШ-та 54 мың электркарын қайтарып алмақ. Оған көліктердегі өзін-өзі толық басқару жүйесіндегі бағдарламалық жасақтамадан шыққан ақау себеп болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы елдің Жол қауіпсіздігі жөніндегі агенттігінің мәлімдеуінше, стоп белгісі бар қиылыстарда көліктегі өзін-өзі басқару жүйесі дұрыс жұмыс істемей, тоқтамауы мүмкін. Осыған байланысты аталған орган, бірлестіктен ақауды жоюды талап етті. Tesla жүйені жаңартатынын мәлімдегенмен, осы мәселе бойынша әлі ешқандай шағым түсіп, апатты жағдай тіркелмегенін айтты.