Гаити су астында қалды: көз жұмғандар бар

Гаити су астында қалды: көз жұмғандар бар

Елдің солтүстігінде Кап-Аитьен қаласының тарихи орталығы судың астында қалды, мыңдаған отбасы қауіпсіз жерге көшірілді.

Гаитиде толассыз жауған жауын су тасқынына ұласты, үш адам көз жұмды. Бұл туралы  Reuters хабарлайды.

Мыңдаған үй су астында қалып, 2500 отбасы эвакуацияланды.

Қатты желден ағаштар құлаған. Елдің солтүстігіндегі Кап-Аитьен қаласының тарихи орталығын да су басты.