Аргентинада жалған кокаиннан 12 адам уланып өлді

Аргентинада жалған кокаиннан уланып, 12 адам көз жұмды.

Тағы 50-і ауыр халде ауруханаға түскен. Бұл жағдай ел астанасы Буэнос-Айрестің шеткері ауданында болды. Алдын ала тергеуге материалдарына сәйкес, кокаинге өзге улы заттар қосылған. Полиция есірткіні сатқан қылмыскерді іздестіріп жатыр. Қазірдің өзінде ондаған адам қамауға алынды. Жергілікті билік осы өңірде соңғы бір күнде кокаин сатып алған азаматтарға оны тұтынбауға шақырып отыр.