476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Өзбекстанда билікті сынаған БАҚ өкілдеріне сыйақы беріледі

  • 230
  • UPD: 23:28, 03.02.2022
Өзбекстанда билікті сынаған БАҚ өкілдеріне сыйақы беріледі

Өзбекстанның Самарқан қаласында сыни ақпарат таратқан журналистермен қоса блогерлер де биліктен сыйақы алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жергілікті әкім Эркінжон Турдимов мәлімдеді. Ол қоғамдағы кез келген өзекті мәселеге халықтың бей-жай қарамайтынына сенімді. Сондықтан оларды атқарушы билікке батыл сын айтуға шақырып отыр. Мәселен, сауда орнында сапасыз ет сатылса, онда сол жердің санитарлық қадағалау мекемесінің басшысы жұмыстан кетеді. «Ал саудагер халықтың алдында ар-ұятынан айырылады», – дейді ол. Әкімнің айтуынша, сыйақы 15 ақпаннан беріле бастайды және қаражат жауапқа тартылатын шенеунік есебінен төленеді.

Хабар 24 телеарнасы