Омикроннан қауіпсіз арақашықтық қандай болу керек – Жапония ғалымдары

Омикрон штамын жұқтырған адаммен қарым-қатынас кезінде маска қорғамауы мүмкін. Ең бастысы науқаспен қауіпсіз арақашықтық сақталу керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жапон ғалымдары осылай деп отыр. Олар тәжірибе жүргізген. Нәтижесі жабық бөлмеде омикронды жұқтырып алмау үшін науқаспен бір метр арақашықтық сақтау керек екен. Бірақ бұл жерде уақыт та маңызды. Вирус жұқтырған адаммен бір бөлмеде 15 минуттан артық болмаған жөн – дейді мамандар және маска тағуды да ұмытпауды еске салады.