ДДСҰ: Пандемия қатерлі ісік ауруына шалдыққандарға қауіпті 

ДДСҰ: Пандемия қатерлі ісік ауруына шалдыққандарға қауіпті 

COVID-19 пандемиясы қатерлі ісік ауруына шалдыққан науқастардың өміріне үлкен қауіпі. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы осындай тұжырым жасады.

Еуропалық аймақ бюросының директоры Ханс Клюге ұсынған мәліметі бойынша былтыр пандемияның салдарынан ісік ауруына шалдыққан науқастардың ем-домы баяулап, медициналық көмек кідіріп қалды. Енді қандай жағдай болса да созылмалы және қатерлі ісік ауруы бар науқастарға тиісінше көмек берілуге тиіс. Сонымен қатар жаппай вакциналаумен қатар скриниг-тексерісті де қолға алған жөн.