Колумбияда жедел жәрдем көлігінен 118 келі есірткі табылды

Колумбияда жедел жәрдем көлігінен 118 келі есірткі табылды

Колумбияда полицейлер жедел жәрдем көлігінен 118 келі есірткі тапты.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, арнайы операция кезінде көлікте коронавирусқа шалдыққан науқас болған. Бақылау-өткізу бекетінде тексеріс үшін тоқтатылған көліктің жүргізушісі науқасты қай ауруханаға жеткізуді білмеген. Тәркіленген кокаин санитарлық зембілге тығылған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, 5 адам қамауға алынды. Колумбия әлемде кокаинның ең ірі өндірушілерінің бірі болып саналады.

Хуан Либрерос, полиция өкілі:

- Тексеріс кезінде көлік жүргізушісі аурухананың мекен-жайын білмеген. Полиция қызметкерлері санитарлық ережелердің сақталмауынан әрі ковидке шалдыққан науқасқа тиісті жәрдем көрсетілмегеніне күдіктене бастағандықтан тінту жүргізген. Нәтижесінде 120 келі кокаин тәркіленді.