АҚШ Еуропаға әскерін жібере бастады

АҚШ Еуропаға әскерін жібере бастады

АҚШ әскерінің алғашқы легі Германияға келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Украинаға қатысты жағдайдың ушығуына байланысты Құрама Штаттар 2 мың сарбаз бен офицерін Еуропаға жіберуге шешім қабылдаған болатын. Оның 300-і неміс елінде, қалған 1700-і Польшада болады. Бұдан басқа Германияның Бавария аймағында бұрыннан бар 1 мың америкалық жауынгер Румынияға ауыстырылады. АҚШ Қорғаныс министрлігінің өкілі «Қазіргі қалыптасқан жағдай бізді НАТО-ның шығыс бөлігін күшейтуге итермелеп отыр» деп мәлімдеді. Мәліметке қарағанда, Ресей соңғы 1 жарым айда Украинамен шекараға 100 мынан астам сарбаз жіберген. Кремль, әсіресе, Беларусь пен Қырымдағы әскери әлеуетін күшейткен.